Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Биылғы 11 айда мүгедектік тобын белгілеуде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы жақсы нәтиже берді. Қанатқақты жобаны іске асыру шеңберінде өңірлерден 99,6 мың өтінім қаралды.
Білім • 04 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қолдауымен Теміртау қаласының 30 мектебінде заманауи спорт алаңы ашылды.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
ЖИ қызметі қадағалауды қажет етеді
Қазіргі ақпараттық алаңның жай-күйі күрделене түсті. Бұған ықпал етіп отырған негізгі факторлардың бірі – жасанды интеллект. Әсіресе ЖИ көмегімен жасалған бейнематериалдардың қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін анықтау қиын болып барады. Бұл жағдай фейк жаңалықтардың көбеюіне жол ашып, қоғамдық қатынас нарығына айтарлықтай әсер етіп жатыр. Осыған байланысты жаңа нарық талаптарын меңгерген мамандарды даярлау күнтәртібіне шықты. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы осы мәселені талқылауға сала мамандарының басын қосып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиында қатысушылар ЖИ дәуірінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын және білім мазмұнын жаңарту туралы сөз қозғады.
Білім • 04 Желтоқсан, 2025
«Samruk-Kazyna Construction» компаниясы Алматы қаласындағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасын толық аяқтады. Бұл жағымды жаңалықты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов жеткізді. Оның айтуынша, бірыңғай оператордың басқаруымен салынған 13 мектептің барлығы 28-29 тамыз күндері толығымен аяқталып, жаңа оқу жылының қарсаңында пайдалануға беру актілерімен жергілікті атқарушы органдардың балансына берілді.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Жасанды интеллект дәуіріндегі журналистика
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі медиа және бейбітшілік журналистикасы» атты дөңгелек үстел өтті.