Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
Тәржіме түпнұсқадан алыстамауға тиіс
Қазақ әдебиетіндегі кәсіби аударма Абайдан басталады дейді аудармашы, драматург Кенжебай Ахмет. Қазіргі аударма қандай болу керек деген сұраққа кіріспені осылайша бастады. Абай басқа заманда өмір сүрді. Аудармаларының көбінде «әлемде осындай әдебиет үлгілері бар» деп біріншіден ағартушылық бағытты көздесе, екінші жағынан аударған авторларымен іштей жарысқа түсіп, бәсекелескендей көрінеді. «Сен мына тақырыпты осылай жырлаған екенсің, мен соны дәлме-дәл қотара отырып, осылай қосар едім» дегендей мысалдарды аңғарамыз.
Мәдениет • 04 Желтоқсан, 2025
Қостанайда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Музейлер және тарихи-мәдени мұра: өткені, бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мәдениет саласының өкілдері, ғалымдар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері қатысты.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
Ми қабығын кемірген мың-сан ойдың жетегінде жүретін шығармашылық адамы үшін өмірдің әр күні ізденістен тұрады. Бұл қатарға қолынан бір сәт қаламы түспейтін газет журналистерін де қосар едік. Өз ісін құлай сүйіп, арманынан айнымаған адам түбі жеңіске жететінін республикалық «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері, «Ақпарат саласының үздігі», белгілі журналист Ершат Асматовтың өмір өрнегінен көреміз.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Кеңес одағының батыры, жауынгер жазушы, түгел қазақтың мақтанышына айналған Бауыржан Момышұлының туғанына биыл 115 жыл толып отыр. Осыған орай Таразда «Бауыржан Момышұлы мұралары: тарих пен таным» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Тағзым • 04 Желтоқсан, 2025
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин өмірден өтті деген суық хабар көңілімізді құлазытып кетті. Ол заманымыздың заңғар тұлғасы еді.