Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Қаланың қарбаласынан қолы қалт еткендер дәстүрлі Салбурын фестивалінің 5 жылдық мерейтойына орай өткізіліп жатқан көрмені тамашалауға жиналды. А.Пушкин кітапханасындағы бұл көрмеге өңірдегі фотографтардың отыз шақты жұмысы қойылды. Олар бес жыл бойы қыран қалықтаған фестивальге барып, сәтті кадр іздеумен, іс-шараны насихаттаумен айналысып келген.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Жанармай жайын талқылаған кеңес
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, отынды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мен жанар-жағармай материалдарының айналымын цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Алматы музейінде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Пушкин музейі, М.Шолоховтың мемориалдық музейі және Семейдегі Ф.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі қорларынан жасақталған «Орыс әдебиетінің классиктері қазақ жерінде» атты көрме ашылды.
Саясат • 03 Желтоқсан, 2025
Қасиетті Тақтың өкілімен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың еліміздегі Апостолдық нунциі Джордж Джордж Панамтундилмен кездесті. Онда рухани дипломатияны ілгерілету мен халықаралық серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
Саясат • 03 Желтоқсан, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палестинаның Жоғарғы судьясы, Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Доктор Махмұд Седки Әл-Хаббашпен кездесті. Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады және Газа секторындағы гуманитарлық ахуал жөнінде пікір алмасты.