Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
Қарағандылық каратэшілер әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Қарағандылық «Воин» клубының спортшылары түрлі стильдегі каратэ федерациясының атынан WKB World Championship & World Cup U12 жарысына (Гродзиск-Мазовецкий, Польша) қатысып, үлкен табысқа жетті. Қазақстан құрамасының қоржыны екі алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады. Мемлекет басшысы мейманға ілтипат білдіре отырып, дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық достық, өзара қолдау және құрмет сипатында дамып келе жатқанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында қанша үкіметтік емес ұйым тіркелген?
Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта 892 үкіметтік емес ұйым бар. Демократиялық қоғамды алға жылжытуға атсалытатын мұндай ұйымның басым бөлігі Атырау қаласында жұмыс істейді. Қазір мұнайлы шаһарда 741 ұйым түрлі жобаны іске асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
«Тұрғын үй бағасы 30 пайызға өседі»: Министр пікір білдірді
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кейбір сарапшылардың «Тұрғын үй бағасы 30 пайызға өседі» деген болжамына қатысты пікір білдірді. Үкіметте өткен брифингте журналист сұрағына жауап берген министрдің айтуынша, ведомство жекеменшік құрылыс компанияларының баға саясатына араласа алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фармацевтика • 02 Желтоқсан, 2025
Отандық дәрілерді сатып алу көлемі 170 млрд теңгеге дейін өсті
2025 жылдың қорытындысы бойынша отандық препараттарды сатып алу көлемі 24 млрд теңгеге (16%) артып, 170 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.