Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Павлодар облысының әкімі әпкесінің қамауға алынуына қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың туған әпкесі мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Облыс басшысы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
Астанада ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды
Бүгін Астанадағы «Алатау» спорт сарайында ауыр атлетикадан Қазақстан біріншілігі басталды. 7 желтоқсанға дейін жалғасатын бәсекеде еліміздің 17 өңірінен келген 177 спортшы бақ сынайды, Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында цифрлық кәсіпорындардың үлесі 34%-ға артты
Қостанай облысында өндіріске IT-технология шешімдерін белсенді енгізіп жатқан өнеркәсіп нысандарының саны екі есе өсті. Егер 2022 жылы кәсіпорындардың 17,8%-ы ІТ-технология игілігін пайдаланса, бүгінде бұл көрсеткіш 34%-ға жеткен. Бұл жөнінде Үкімет отырысына қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Қарағандыда әлеуметтік тауарлардың бағасын өсіргендер жазаланды
Қарағанды облысына көтерме тауар жеткізушілер «Milk Group» ЖШС және «Деп Плюс» ЖШС сары майдың сауда үстемесін 22,6% және 26,3%-ға артық қолданғаны анықталды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Мектептің бас есепшісі 52 млн теңге жымқырған
Қызылорда облысына қарасты Байқоңыр қаласының прокуратурасы мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтаған. Жемқорлық әрекеті білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдары аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.