Қылмыс • 02 Желтоқсан, 2025
Адамның аты-жөнін атап тұрып: «Сіздің атыңызға поштамен сәлемдеме келіп түсті. Тезірек алмасаңыз, әрбір сақталған күнге ақы төлейсіз», деп қуанта әрі үркіте сөйлеп, психикасын әлемтапырақ қылған алаяқтар одан әрі ес жиғызбай: «Сізге жіберілген төрт санды sms кодты да бізге айта салыңыз», деп дігірлейді. «Сәлемдеме» дегенге қуанып қалған адам sms-ті айта салуды қиынсынбайды. Міне, осы сәтте ол алаяқтың арбауына түсті деген сөз.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Ми батпақтан мектепке жете алмай жүр
Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылының оқушыларына әудем жердегі мектепке жету нағыз машақат. Жаңбыр жауса, жер езіліп ми батпаққа айналады. Алайда жергілікті билік ауылдың мұңын көп жылдан бері елемей отыр.
Руханият • 02 Желтоқсан, 2025
Біздің аға буын қаламгерлердің дені талантын тек көркем туындыға бағыштай алмады. Өйткені олардың мойнында сан ғасыр бодан болып, езгі көрген ұлтының тарихи және мәдени құндылықтарын түгендеу міндеті тұрды. Осылай жазушыларымыз әдебиет пен тарихты бір арнаға тоғыстырып, қос майданда қатар күресті.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында кикбоксингтен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жерлестеріміз аптаға ұласқан жаһандық жарыстан олжалы оралды. Дүбірлі додаға 49 спортшымыз қатысып, 3 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль еншіледі.
Денсаулық • 02 Желтоқсан, 2025
Медициналық қызмет сапасы арта түсті
Өткен аптада Алматы облысына іссапармен келген Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңір жұртшылығымен жүздесіп, саладағы оң өзгеріс, тың жаңалықтармен бөлісті.