Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023
«Дарын» сыйлығы: Топжарған жастар
Өткен жұмада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды. Үздіктерді елордада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева марапаттады.
Мәдениет • 24 Желтоқсан, 2023
«Umai» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары
Өнер саласындағы біртуар қайраткерлердің есімін анықтап, отандық мәдениеттің дамуына және ілгерілеуіне ықпал ететін «Umai» ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары белгілі болды. Елорда төріндегі «Астана Опера» театрында өткен «Umai-2023» ұлттық сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары қатысты.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023
«Qarmet» кәсіпорны құқық қорғау органы мен медицина қызметкерлеріне арнайы көліктердің кілтін табыстады. Жаңа көлік кілттері облыс орталығымен қоса қанаттас Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, қалаларына берілді.
Сұхбат • 24 Желтоқсан, 2023
Әсел Жанасова: Осы жылды табыспен аяқтадық
«Қазпошта» акционерлік қоғамы – еліміздің барлық өңірінде пошта, логистикалық, қаржылық және агенттік қызметтерді ұсынатын жалғыз ұлттық пошта операторы. Еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан 2 700-ден астам бөлімшесінде 20 мыңнан аса қызметкер еңбек етеді. Өткен жылдың қазан айында компанияның басқарма төрағасы болып Әсел Жанасова тағайындалды. Содан бергі бір жылдан астам уақыт ішінде ұлттық пошта операторы қызметінде қандай өзгерістер болды, қордаланған проблемалар мен кемшіліктер жойылды ма? Біз осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу мақсатында төрағаны әңгімеге тарттық.
Пікір • 24 Желтоқсан, 2023
Бір сәт күйбең тірліктен арылып, мидағы мың-сан ойдан алыстап, сәл тоқтап, тыныштық тауып айналаңа қарасаң, өмірдің қалай өтіп жатқанын көресің. Зымырап жатқан уақыт. Сол уақытпен жарысып, жете алмасын білсе де құлшына қуып бара жатқан адамдар. Ешкімнің артық уақыты жоқ – бәрі бір жаққа, яки бір мақсатқа жетуге асығады. Әлеуметтік желіні байқасақ та жай жүрген адам көрмейсің: бәрі бірдеңе іздеп жүр – бақыт, байлық, тыныштық, үйлесім, бәлки, өзін. Қазір өзі сондай заман болды ма, ешкім тыныш, қарапайым өмір сүргісі келмейді екен. Ешкім өз өміріне риза емес: бәрі бірдеңе өзгерткісі келеді, бәрі бәрін басынан бастағысы келеді, бәрі басқа адам болғысы келеді.