Президент • 27 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген
Шымкентте сабақ үлгерімін жақсартқысы келген студенттер алаяқтарға алданып қалған. Екі күдікті 2025 жылдың қазан айынан бастап TikTok әлеуметтік желісі арқылы студенттердің парақшаларын тауып, арнайы боттардың көмегімен олардың ұялы телефон нөмірі мен жеке мәліметтерін жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Ақпан, 2026
47%-дық құлдырау: Үш алпауыт кен орнындағы өндіріс неге тежелді?
Қазақстандағы ең ірі үш кен орны – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ 2024 жылғы қаңтарда мұнай және газ конденсатын өндіруді 2,4 млн тоннаға қысқартып, 2,7 млн тоннаға дейін төмендетті. Бұл шамамен 47%-дық төмендеу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 27 Ақпан, 2026
Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш жаңа жылу станциясын салады
Қазақстан Ресей тарапынсыз Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ірі жылу электр станцияларын (ЖЭС) салу бағдарламасын іске қосты. Бұған дейін бұл жобалар Ресеймен үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылуы жоспарланған, ол арқылы объектілерді салуға субсидияланған кредит бөлінуі керек еді. Алайда Мәскеу ресми позициясын жарияламады, бұл жобалардың кешігу қаупін тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 27 Ақпан, 2026
Экрандағы әрбір қимылды қалт жібермейтін көмекші пайда болды
«Memories.ai» мен «Qualcomm» компаниялары жасанды интеллект негізіндегі ерекше көмекшіні таныстырды. Ноутбуктер мен үй компьютерлеріне арналған бұл жүйенің басты жаңалығы – «визуалды жад» технологиясы. Яғни ассистент пайдаланушының экрандағы күнделікті әрекеттерін үздіксіз бақылап, қосымшаларда, құжаттарда және бейнеқоңыраулар кезінде болған барлық үдерісті тіркеп, автоматты түрде индекстеп отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.