Қазақстан • 20 Ақпан, 2025
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі жетістіктері
Қазақстан БҰҰ Жарғысына қатаң сәйкестікте кең ауқымды көпжақты ынтымақтастыққа бейілділігін айқын көрсетіп отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы қыркүйектегі халыққа Жолдауында мәлімдеді. Мемлекет басшысы еліміздің халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін шешуде белсенді рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
Қашықтан қадағалау мүмкіндіктері
Ел тұрғындары былтыр мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғары бағалады. Десек те, кей өңірлердегі құжат рәсімдеудің ұзақтығы, артық қағазбастылық, «eGov.kz» порталындағы қиындықтар, кері байланыстың әлсіздігіне халықтың көңілі толмады. Республика көлемінде жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесіне үңілсек, мұндай жағдайлар Ұлытау, Абай, Жетісу облысында көптеп кездескен.
Экономика • 20 Ақпан, 2025
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инвестиция саласындағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты. «Бізге сапалы инвестиция қажет екені анық. Озық технологияға негізделген және сыртқы нарыққа арналған жобаларды әдетте шетел инвесторлары ұсынады», деді Президент. Бұл орайда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың алар орны ерекше.
Дін • 20 Ақпан, 2025
Ислам диалогін дамытуға арналған халықаралық конференция
Парламент Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен ислам диалогін нығайту жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Палата спикері форум алаңында Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайебпен, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-ул Ислам Аллашүкір Паша-Задемен, конференцияға келген басқа да бірқатар қатысушымен екіжақты кездесулер өткізді.
Үкімет • 20 Ақпан, 2025
Қауіпсіздікке көздің қарашығындай қараған жөн
Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында азаматтық авиация саласының дамуына қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ елімізде әуе хабтарын құру ісі күн тәртібіне шықты.