Талбесік • 21 Ақпан, 2026
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Астанада осы жылдың сәуір айында өтетін өңірлік экологиялық саммит қарсаңында Аралдың тағдыр-талайына қатысты мақаланы ұсынып отырмыз. Автор Арал теңізі сынды заман проблемасын шешуге инженерлік прогресс тұрғысынан жаңа көзқарас ұсынады.
Экспорт • 21 Ақпан, 2026
Арқаның сайын даласында өсірілген жылқы, ірі қара мен қой етінің экспорттық әлеуеті жоғары болғанымен, бұл мүмкіндік толық іске аспай отыр. Өңірде тонна-тонна өнім өндіруге қауқарлы шаруашылықтар жеткілікті.
Шаруашылық • 21 Ақпан, 2026
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысы ет өндіру бойынша 10,5% өсімге қол жеткізді. 2026 жылға мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары жасалған. Сөйтіп, биыл мал санын 894 мың тұяққа дейін жеткізу көзделген. Соның ішінде жылқының санын – 166 мың, қара малды – 298 мың, қой-ешкіні 430 мың тұяққа дейін өсіру межеленіп отыр. Осы шаралар іске асса, облыс ет өндіру көлемін 50,4 мың тоннаға жеткізуге тиіс.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026
Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек
«Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беріп отыр. Жоба аясында екі жылдың ішінде елімізде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
Digital • 21 Ақпан, 2026
Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?
Биыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Әне-міне, бұның да екінші айы құм сағаттай сырғып барады. Осы атаулы жылда алдағы кемі бір-екі онжылдыққа азық болатын жүйелі өзгертулермен есте қалатын қандай іс атқарған дұрыс? Сондай-ақ Мемлекет басшысының науқаншылдықтан ада болуды шегелеп тапсырғаны тағы бар. Осыған орай, біз сала сарапшыларын тартып, атаулы кезеңде кезек күттірмей шешуді қажет ететін түйткілдер мен түйінін тарқату жолын байыптап көрдік.