Тұлға • 15 Ақпан, 2025
Ұстаз бен шәкірт арасында бір тылсым байланыс болуы керек. Әскери салада бұл оңай емес. Саланың кәсіби шебері, өмірін осы бағытқа арнаған бірден-бір тұлға қазақтың алғашқы генералдарының бірі Шәкір Жексенбаев еді.
Баға • 15 Ақпан, 2025
Екінші нан есебіндегі картоп бағасының көтерілуі сулы-нулы, топырағы құнарлы біздің өңірді де айналып өткен жоқ. Осы тақырыпты талдап, себебін түсіндірмек болған сарапшылардың пайымына қарағанда, алдымен алып-сатарлар кінәлі.
Құтқарушы • 15 Ақпан, 2025
Қажы сапарынан келе жатқан павлодарлық азамат жетісулық дәрігердің арқасында аман қалды. Ақ желеңді абзал жан әуе кемесіндегі жолаушының өмірі үшін төрт сағатқа жуық күресіп, Алматыға есен-сау жеткізген.
Технология • 15 Ақпан, 2025
Заманауи технология және жастар
EXPO көрме алаңында өткен «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі 5 күнге жалғасып, болашақ маман мен жұмыс беруші және кәсіптік-техникалық ұйымдар арасында дәнекер болды. Алаңда «ERG» компаниясына тиесілі стенд бар. Оған келген мыңдаған адам тау-кен жұмысы мен табиғатын танып білді.
Айбын • 15 Ақпан, 2025
Жауынгерлік рухты жетілдіру жолы
Ұлттық қорғаныс университетінде кейінгі жылдардағы қарулы қақтығыс мысалында әскерлерді моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев төрағалық етті.