Банк • 18 Ақпан, 2026
Сауалнама нәтижесі: 2025 жылы дайын өнімге сұраныс артқан
2025 жылғы IV тоқсанда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар арасында жүргізілген конъюнктуралық сауалнама нәтижелері жарияланды. Бұл туралы Ұлттық банк ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 18 Ақпан, 2026
Ораза ұстаудың қандай әдептері бар?
Рамазан – қасиетті ай. Сондықтан ораза ұстаудың өзіндік әдептерінің сақталуы маңызды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғалымдар бекіткен Рамазан оразасының әдептерін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 18 Ақпан, 2026
Ішкі саудаға серпін: Кәсіпкерлерге 4,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді
Былтыр ішкі сауда саласында кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа тетігі іске қосылып, нәтижесінде 460 жоба 4,3 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы несиелерді субсидиялау және кепілдендіру тетіктеріне негізделген. Алайда ол Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және ірі сауда ойын-сауық орталықтарына қолданылмайды. Негізгі басымдық – өңірлік кәсіпкерлікті дамыту, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 18 Ақпан, 2026
Балаларға ораза ұстауға бола ма?
Шариғат бойынша балиғат жасына толмаған балаларға ораза ұстау парыз емес. Алайда, денсаулығы жақсы болса, ата-ананың рұқсатымен 9-12 жастан бастап, таңнан түске дейін немесе жарты күн сияқты жеңілдетілген түрде үйренуіне болады. Баланың денсаулығына кері әсер етпеуі маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Сауранда су шайып кеткен көпір қалпына келтірілді
Сауран ауданы Абай ауылындағы Жаңақорған өзенінің үстінен өтетін шағын көпірге жауын-шашынның мөлшерден тыс көп түсуіне байланысты зақым келген болатын. Табиғи жағдайға байланысты зақым келген көпір қысқа мерзім ішінде қалпына келтірілді. Сондай-ақ арнайы техникалармен өзен арнасының жан-жағы қазылып, су ағысының бағыты реттелді, деп хабарлайды Egemen.kz.