Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Ақтаулық екі оқушы Нью-Йорк университетіне грант жеңіп алды
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сағынбек Талғатұлы мен Айя Сартбаева Абу-Даби қаласындағы New York University (NYUAD) жоғары оқу орнының білім грантына ие болды. Бұл туралы аталған мектептің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Қоғам өкілдері Маңғыстаудағы экологиялық жағдайды талқылады
Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов жұртшылықпен кездесу өткізіп, экологиялық ахуал туралы сөз қозғады. Өткен жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алда тұрған міндеттерге тоқталып өтті және аумақтық департаменттің негізгі басым бағыттары туралы айтып берді. Бұл туралы Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 20 Ақпан, 2020
Иранда коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды
Иранда коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлады.
Басылым басшылары • 20 Ақпан, 2020
Басылым басшылары - Ержұман СМАЙЫЛ (1948-2018)
Ержұман Смайыл Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Туғанбай ауылында өмiрге келген. Әкесi Смайыл емшiлiктi кәсiп еткен, анасы Күләш қатардағы шаруа адамы болған. 1965 жылы ол Талғардағы С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектептi бiтiрген соң, өзiнiң туған ауылында клуб меңгерушiсi, шопан болып еңбек етедi. 1967-1970 жылдары Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Солтүстiк флотындағы сүңгуiр қайықта әскери борышын өтейдi. 1971 жылы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң журналистика факультетiне оқуға келiп түсiп, оны қызыл дипломмен бiтiрiп шыққан соң осы оқу орнының ассистентi болып жұмыс iстейдi.
Қазақстан • 20 Ақпан, 2020
АШМ жұмыртқа өндіруді субсидиялауға байланысты түсініктеме берді
Қазақстанда азық-түлік жұмыртқасын өндіруді субсидиялау 2010 жылы басталған. Ол кезде отандық кәсіпорындар 3,3 млрд дана жұмыртқа өндіріп, ішкі нарықтың қажеттілігін тек 70 пайызға қамтамасыз ететін (мемлекет жылына 150 млн. жұмыртқаны импорттайтын). Отандық жұмыртқаның 64 пайызын агроқұрылымдар, қалғанын жеке шаруалар өндіретін.