Экономика • Бүгін, 09:00
Өндіріс экономиканың өрісін кеңейтеді
Ел экономикасының жай-күйін ең алдымен өнеркәсіп саласынан аңғаруға болады. Сарапшылар экономикалық ахуалды сандық көрсеткіштермен емес, оның ішкі құрылымымен бағалауы керек дейді. Өйткені бүгінгі өндірістің өркендеуі – ертеңгі экономиканың өлшемі. Былтырғы қаңтар-қараша айларында елдегі өнеркәсіп өндірісі 7,4%-ға артты, оның көп бөлігі тау-кен өнеркәсібінің есебінен болды.
Экономика • Бүгін, 08:55
Баға тұрақтылығы – басты назарда
Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде өңірде кеш мерзімде пісетін 79,4 мың тонна картоп өндіріліп, ішкі қажеттіліктің 74 пайызы қамтамасыз етілді. Бүгінде тұрақтандыру қорында 6,8 мың тонна картоп қоры жинақталған.
Саясат • Бүгін, 08:50
Нариман Төреғалиев: Өңірдің әлеуеті жылдан-жылға артып келеді
Батыс Қазақстан облысында кейінгі үш жылда негізгі капиталға 2,3 трлн теңге инвестиция тартылып, жалпы құны 165,5 млрд теңгенің 91 жобасы іске қосылды. Өңірдің таяу болашақтағы жоспар-жобалары да қомақты. Бұл жөнінде облыс әкімі Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ газет тілшісіне әңгімелеп берді.
Саясат • Бүгін, 08:48
Ғалымдар өзгерістерді қолдайды
Таяуда Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының (ҚазҰЖҒА) академиктері жаңа Конституция жобасын талқылады.
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Жамбыл облысында бірер жылда бір айналып соғатын құйын желден Жаңатас жұрты жабығып, Қаратау халқы қамығып жататыны бар. Үш жыл бұрын осы екі аудан халқы қытымыр қыс мезгілінде жылу мен жарықтан ажырап, ықылым заман адамдарының күйін кешкен еді. 6 ақпанда соққан дауыл жел Жаңатас қаласының халқын әбігерге салды.