Зерде • 27 Ақпан, 2026
Хан апа «Егемендік» әріптес інім, белгілі спорт журналисі Ғалым Сүлейменнің тілімен айтқанда, «Жаңа жылда ғұмырының 105-қаңтарының есігін айқара ашқан Ханымбүбі апамыз өнер, мәдениет, жалпы қаламгерлер арасында алға шығып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді!» Сүйегі асыл апамыздың, аяулы әріптес анамыздың өмірі толы өнеге, шапағаты айналасына шашылып жатыр.
Таным • 27 Ақпан, 2026
Тұрфандағы... «Астана»: Қадымнан бүгінге жеткен атаудың мәні
2012 жылдың көктемі болатын. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігінен хат алдық. Онда бір кездері сол мемлекетте өмірге келіп, кейін басқа елдерде тірлік етіп жатқан түрлі ұлттар өкілдерінің ішіндегі қабылет-қарымымен белгілі бір жетістікке жеткен жандарды Бейжіңге шақырып, олармен басқосу өткізілетіні айтылыпты. Ескерте кетейік, әлемдік тәжірибеде бұл бұрыннан бар үрдіс. Оған, мәселен, КСРО-ның күшіне мініп тұрған кезінің өзінде атақты биші Галина Уланованың Канадаға шақырылуы анық дәлел.
Тұлға • 27 Ақпан, 2026
Биыл – Жамбыл жыраудың 180 жылдық мерейтойы ұлттық деңгейде аталып өтетін жыл. Атақ-даңқы әлдеқашан әлемді аралап кеткен, рухани мұрасы халық қазынасына айналған абыз ақынның, жырау Жамбылдың мерейтойын Алаш баласы түгел атап өтетініне күмәнім жоқ.
Өнер • 27 Ақпан, 2026
Шынайы сезімнің шебері, барлық шығармасының дерлік бағы жанған, әлемдегі ең әйгілі композиторлардың бірі Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры опера, заманауи би, театр мен цирк өнерін бір сахнада тоғыстырған «Puccini Dance Circus Opera» спектаклін ұсынды.
Сұхбат • 27 Ақпан, 2026
Өткен ғасырдың 70-жылдары әдебиетімізге тегеурінді бір толқын келді. Осы буынның айтулы өкілінің бірі – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы. Арқалы ақын cыршыл сезімге толы жырларымен қазақ поэзиясына мол олжа салды. Тарихи тұлғалар туралы көлемді туындыларға қалам тербеді. Ел сүйіп тыңдайтын әндердің сөзін жазды. Бірқатар драмалық шығармасы сахналанды. Біз бүгін сексеннің сеңгіріне сергек жеткен Серік ағамызбен өнегелі өмірі мен ақындық өнер жайында әңгімелестік. Өткен ғасырдың 70-жылдары әдебиетімізге тегеурінді бір толқын келді. Осы буынның айтулы өкілінің бірі – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы. Арқалы ақын cыршыл сезімге толы жырларымен қазақ поэзиясына мол олжа салды. Тарихи тұлғалар туралы көлемді туындыларға қалам тербеді. Ел сүйіп тыңдайтын әндердің сөзін жазды. Бірқатар драмалық шығармасы сахналанды. Біз бүгін сексеннің сеңгіріне сергек жеткен Серік ағамызбен өнегелі өмірі мен ақындық өнер жайында әңгімелестік.