Ғалам ғажаптары • 27 Ақпан, 2026
Миланда өткен қысқы Олимпиадада фотограф Джордан Коуэн мәнерлеп сырғанау жарысында мұз үстінде жұмыс істеген алғашқы оператор атанды.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Қостанай өңіріне көктем кеш жетеді. Қазір қалың қардың көбесі сөгіле қоймағанымен, синоптиктер ауа райы күрт жылынуы мүмкін деп болжап отыр. «Қамданған қапы қалмайды» демекші, төтенше жағдайлар қызметі қар суынан төнетін қауіптің алдын алуға ерте бастан кірісіп кетті.
Мирас • 27 Ақпан, 2026
Қайбір жылдары қазақтың беташары материалдық емес мәдени мұра құндылығы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгенде, төбеміз көкке жетердей қуанғанбыз. Беташар деген соң сәукелені аттап өте алмайсыз. Жаңа түскен жас келіннің сәукелесі деген соң, әжелердің кимешегі еске түседі. Осындай құндылықтар жасаушы қолы алтын жандар қасымызда жүргенін біле бермейміз. Соның бірі һәм бірегейі – Бұлбұлхан Серғазықызы.
Өнер • 27 Ақпан, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында «Операмен үндес махаббат» атты әсерлі музыкалық кеш өтті. Өнер ордасы сол күні классикалық әуенге шөлдеген көрерменге айрықша рухани тарту жасады.
Басылым • 27 Ақпан, 2026
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлының «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Жүрек сөзі», «Сөз патшасы» кітаптарының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар жиында қаламгердің Ромен Ролланнан аударған «Толстойдың өмірі» кітабы да оқырмандарға таныстырылды.