Білім • 26 Ақпан, 2025
Білім мен ғылымды цифрландыру: бастама мен ізденіс
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде жоғары білім мен ғылым саласын цифрландыру жұмыстары талқыланды. Министрлік өкілдері жоғары білім берудің бірыңғай платформасын іске қосу, университеттерді цифрлық жүйеге көшіру бойынша атқарылған жұмыстарға есеп беріп, «KazLLM» ұлттық тілдік моделі мен «AI-Sana» инновациялық бағдарламасы туралы баяндады. Сондай-ақ халықаралық компаниялармен серіктестік пен ҰБТ жүйесіндегі өзгерістер туралы айтты. Сарапшылар бұл бастамалар білім саласын жаңа деңгейге көтеріп, оның ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратынын атап өтті.
Саясат • 26 Ақпан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак энергетика, мұнай, газ және инфрақұрылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Экология • 26 Ақпан, 2025
Қазір елімізде шөлейтті жер көлемі жыл өткен сайын ұлғайып барады. Бүгінде 180 млн гектардан астам аумақ деградацияға ұшыраған. Оған топырақтың тұздануы, құнарсыздануы, эрозияға ұшырауы және химиялық улануы себеп болып отыр. Соның салдарынан жайылым жерлер тозуға айналды.
Ғылым • 26 Ақпан, 2025
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі Айгерім Қамбарова тамақ қалдықтарын қайта өңдеуде қара шыбын дернәсілдерін (Hermetia illucens) қолданып, өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.
Құқық • 26 Ақпан, 2025
Күнделікті өмірде мән бермейтін «Өмір – өзен» деген терең мағыналы сөз бар. Расында табиғат аясында бір сәт те тоқтамай, күні-түні, жыл он екі ай сарқыраған өзенге қарап ойланғанда, беймаза тіршіліктің су сияқты ағып өтетінін аңғарасыз. Қасиетті имани және елдік құндылықтарымыз тіршіліктің әр сәтінде адал жүруге, айналаны барынша жақсылыққа бөлеуге шақырады.