Үкімет • 01 Ақпан, 2025
Су тасқынының алдын алу жайын талқылады
Кеше Сенатта өткен Үкімет сағатында биылғы көктемгі су тасқынына дайындық жұмысы пысықталды. Былтыр орын алған апат 12 өңірде 12 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен 62 көпқабатты ғимаратты су астында қалдырған еді. Биыл мұндай жағдай қайталанбау керек. Құзырлы министрлік өкілдері алдағы су тасқыны кезіндегі қауіп-қатерлерді саралап, алдын алу жұмысы туралы ақпарат берді.
Спорт • 01 Ақпан, 2025
«Денсаулық фестивалі-2025» бұқаралық спорттық шарасына бес жүзден астам адам қатысты. Аудан әкімдігінің қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс-шараның басты мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастыру, қысқы спорттық ойындарға аудан тұрғындарының қызығушылығын арттыру.
Саясат • 01 Ақпан, 2025
Президент бастамаларын іске асырудың қозғаушы күші
Мәжілісте «Amanat» партиясы фракциясының жиыны өтіп, онда депутаттар Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының ел дамуына қатысты берген тапсырмаларын іске асыру және заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Бокс • 01 Ақпан, 2025
Ташкентте бокстан ерлер арасындағы Өзбекстан чемпионаты аяқталды. Жарыста сол мемлекетте тұрып жатқан қазақтың 15 былғары қолғап шебері бақ сынап, алтауы жеңіс тұғырына көтерілді.
Таным • 01 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Атмосферадағы тірі организмдер
Ғалымдар жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында өмір сүретін бактериялар мен саңырауқұлақтардың ерекше түрлерін тапты.