Дін • 26 Ақпан, 2026
Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?
Бұқар жыраудың «Тілек» толғауында намаз құлшылығына ерекше маңыз беріледі. Бес намаздың біреуі де қаза болмауы – көмекей әулиенің бесінші тілегі. Мұқым мұсылман міллеті бұл құлшылықты құдайдың бес парызының бірі деп есептейді. Бірақ ел ішіндегі кей азаматтар, көпшілігі деструктивті бағыттағы діни топ өкілдері намаз оқымаған адамның ешбір құлшылығы қабыл емес деп оспадар ой таратады. Қарапайым халықтың көңіліне күдік түспесін деп, мүфтияттың пәтуа бөлімінің пікірін білдік, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 26 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров «Милан-2026» Олимпиада жұлдыздарының шоуына қатыспайтын болды
Алматыда 5 сәуір 17:00-де «Милан-2026» Олимпиада жұлдыздарының шоуы өтеді. Іс-шара ұйымдастырушылары шоуға белгілі себептерге байланысты Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қатыса алмайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Air Astana 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайының ұшу-қону жолағы сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 26 Ақпан, 2026
Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды
Конституциялық реформа – тек Негізгі заңға енгізілетін өзгертулер емес, ол – еліміздің ертеңгі жарқын болашағы. Көк туымызды әлемдік аренада биікке көтеріп жүрген саңлақ спортшыларымыз да бұл саяси науқаннан қалыс қалмай, өз пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Ораза кезінде екпе салдыруға рұқсат па?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екпе денеге салынатындықтан оразаны бұзбайтынын мәлімдеді. Мүфтият түсіндірмесіне сүйенсек, шариғат бойынша адам ағзасына табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы кірген нәрсе ғана оразаны бұзады, деп жазады Egemen.kz.