Қазақстан • 06 Ақпан, 2019
Семейде азық-түлік бағасының қымбаттап кеткендігі сынға алынды
Семей қаласының әкім Ермак Сәлімов халыққа аса қажетті азық-түлік өнімдерінің бағасы қолжетімді ме соны білу үшін сауда орталықтары мен дүкендерді, тіпті базарларды аралап шықты. Сөйтсе, базардағы көкөністер бағасы тұрақтандыру қорының бағасынан әлдеқайда қымбат екен. Қала әкімінің тексеруінше, супермаркеттер өнімдерді кейде өзімізде болса да, басқа қаладан сатып алады да, бұл жеткізілгенше оның қымбаттауына әкеп соқтырады. Сөйтіп, халықтың қалтасынан қағылуына апарады.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2019
Шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан 209 кг иесіз жүк тауып алды
«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2019
Қостанай облысында аяздан 2 адам қайтыс болып, 7 адам зардап шекті
Бұл жөнінде облыстық деycаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Денисов және Әулиекөл аудандарында 1990 және 1968 жылғы екі әйел далада қалғаннан, үсіп өлген. Қостанай қаласында бір адамның саусақтары үсік шалып, ауруханаға түскен.
Қоғам • 06 Ақпан, 2019
Ресейге Қазақстаннан 160 тоннаға жуық өсімдік өнімдерін әкелуге тыйым салынды
158 тоннадан астам өсімдік өнімін Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына әкелуге жол берген жоқ, деп хабарлайды Россельхознадзордың баспасөз қызметі.
Шажа өзенінде су электр стансасы салынып жатыр
Алматы облысының Ескелді ауданы аумағындағы Шажа өзенінде қуаттылығы 25,8 МВт болатын су электр стансасының құрылысы басталды.