Аймақтар • 05 Ақпан, 2019
Түркістанда биыл «жасыл белдеу» алқабының жұмысы басталады
Түркістан қаласы маңынан өткен жылы 320 гектар жер «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алынды. Оның 300 гектары өңделіп, 200 гектарына бадам (миндаль), қарағаш, өрік көшеттері егілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2019
Түркістан облысында электрондық денсаулық паспорты 100 пайызға жасақталды
2018 жылы Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 2017 жылғы 12 айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 4,3 пайызға төмендеді. Ал, ана өлімінің көрсеткіші 35,9 пайызға азайған. Көрсеткіш бойынша ана өлімі республикада 10 орында. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа есеп беру кезінде мәлімдеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2019
Мемлекеттік қызметке қабылдау талаптары өзгерді
Мемлекеттік қызмет саласы бойынша енгізілген жаңалықтар жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында айтып өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2019
Өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 1,2%-ға төмендеді
2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 1,2%-ға төмендеді. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде 2%-ға төмендеуі, өңдеу өнеркәсібінде 0,6%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 1,2%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 0,8%-ға арзандады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2019
Мультфильмнің пайдасы мен зияны қандай?
Бүгінде ересектер арасында мульфильмдердің пайдасынан зияны басым екенін айтатындар көп. Ал оның негізгі көрермені балалар мен жасөспірімдердің пікірі қандай?