Пікір • 25 Ақпан, 2025
Мұндай қаламгерді ұлты ұмытпайды
Дулаттың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Құдай берген талантын, мәдениетін, білімін – бәрін сарқып жұмсады. Әдебиеттің іргесін кеңейтті. Қазақ драматургиясын үлкен биікке көтерді. Әлемге шығарды. Драмалары Еуропаның біраз сахналарында, Англияда, Кореяда, Тәуелсіз мемлекеттер одақтастығында қойылды. Дулатқа дейін қазақ драматургиясы бүйтіп әлемді аралаған жоқ. Біздің қазақ өнерінде драматургияның негізгі өзегін ұстап қалған осы Дулат болды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2025
Елдегі түрлі этнос өкілдерін ұйыстырып, олардың дәстүрлері мен мәдениетін сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеяның құрылымдары маңызды рөл атқарады. Ұйымның біріктіруші әлеуеті әсіресе өміршең жобаларында көрінеді. Сондай әлеуметтік маңызы бар бастаманың бірі – «Мәміле» пікірталас клубы.
Айбын • 25 Ақпан, 2025
Дубайда өткен «The UAE SWAT Challenge 2025» арнайы мақсаттағы бөлімшелер жарысында Қазақстанның 5 командасы алғашқы ондыққа ілікті. Онда әлемнің 80-нен аса елінен 106 команда бақ сынады. Ел намысын қорғауға күштік құрылымдарының 12 командасы қатысты.
Қоғам • 25 Ақпан, 2025
Ойынханаға бір рет бас сұққан адамның құмар ойыннан бас тартуы тым қиын. Әлденеше жыл бұрын «Зенит», «Олимп», «Фортуна» секілді түрлі букмекерлік кеңселердің есігі келушілер үшін тарс жабылса да, құмарлықтың құрбанына айналғандар онлайн ойынға кірісіп кетті. Ғаламтор арқылы логин ашып, қалтасындағы барын шашып, тақырға отырса да, лудомандардың саны азаяр емес.
Инвестиция • 25 Ақпан, 2025
Парламент Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары инвестициялық салық преференциясын беру, бизнесті мемлекеттік қолдау және инвестиция тарту мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың басшыларымен және бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті.