Елорда • 25 Ақпан, 2026
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Астанада қыс мезгілі басталғалы коммуналдық қызмет күшейтілген тәртіпте, тәулік бойы жұмыс істеп, қар күреу жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ел ертеңін айқындайтын жаңа Конституция жобасына дауыс беру – әрбір азаматтың елдік міндеті. Жалпыға ортақ іске жұмылғандар ішінде еліміздің көк байрағын әлемге әйгілеп жүрген спортшылар мен өнер майталмандары да бар. Олар өз саласында ғана емес, саяси аренада да көптен оза шауып, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 25 Ақпан, 2026
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Италияның қос қаласында өткен Милан-Кортина-2026 Олимпиадасы мәресіне жеткенмен, төртжылдық тартысына қатысты талқы мен пікір қайшылығы толастамай тұр. Сондай таластың бірі Олимпиада бағдарламасында мәнерлеп сырғанау бойынша қазылық еткен Надежда Парецкаяның шешімдері айналасында туды. Кейінгі күндері әлеуметтік желі қолданушылары «Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалын басқаратын маманды дүбірлі додада ресейлік спортшыға бүйрегі бұрып тұрды деп айыптап жатыр. Желіде желдей ескен жазба авторларының пікірінше, Надежда Парецкая төрт айналымды секіруде сүрінген Ресей өкілі Аделя Петросянға негізсіз жоғары балл қойып, отандастарымыз Софья Сомаделкина мен Михаил Шайдоровтың өнерін лайықты бағаламаған, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 25 Ақпан, 2026
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен Қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2026
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Түркістан облысы Келес ауданында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласы, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатындағы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.