Аймақтар • 25 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді қайтарудан түскен қаржыға түрлі нысан салынып жатыр. Сондай екі нысанның құрылысы Қызылқоға ауданында қолға алынды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Жақында Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылында әрқайсысы 72 пәтерден тұратын, талапқа сай салынған 2 тұрғын үй иелерін тапты.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2026
Балтабай ауылындағы баянды істер
Еңбекшіқазақ ауданында Есік қаласы мен 25 ауылдық округ бар. Солардың бірі 10 мыңға таяу халық түтін түтетіп отырған Балтабай ауылдық округінде 19 түрлі этнос өкілі ынтымақтаса тіршілік етіп отыр. Округ аумағына 7 елді мекен, 3 саяжай кіреді.
Саясат • 25 Ақпан, 2026
Егіс науқаны – ерекше бақылауда
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттер ескеріле отырып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Онда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, астық егетін негізгі облыстардың басшылары баяндама жасады.
Мәселе • 25 Ақпан, 2026
Ойын автоматтары опық жегізбей ме?
Қазір құмар ойындарға тәуелділер көбейіп барады. Мемлекет тарапынан бұл жат үрдісті тежеу бағытында кешенді іс-шаралар қолға алынғанымен, түйткілдің түйіні әлі тарқатыла қойған жоқ. Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің санасын улайтын «Кран», «Ұстап ал – Хватай-ка» секілді ойын автоматтарының білім беру, спорт және дамыту орталықтарының, сондай-ақ халық көп шоғырланатын әлеуметтік нысандар мен сауда үйлерінің ішінде еш кедергісіз орналастырылуы үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл мәселеге Сенат депутаттары назар аударып, Үкіметке сауал жолдады.