Медицина • 25 Ақпан, 2021
Отандық фармацевтика – дәрі-дәрмек қауіпсіздігінің кепілі
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің барысында коронавирус пандемиясы жағдайында Қазақстандағы экономикалық және инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды қарастыра отырып, отандық фармацевтика саласын дамыту аясында 2025 жылға қарай өндіріс үлесін 50%-ға дейін ұлғайту көзделгенін айтты. Президент медициналық жабдықтар өндірісі белсенді дамып келе жатқанын атап өтіп, аталған саланың инвестициялар үшін ашық екенін және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Руханият • 25 Ақпан, 2021
1993 жылдың ақпан айын Шыңжанда өткіздім. Шыңжанда «Керім-ау, айдай» әнінің мән-жайын ешкім білмеді. Қария сөзіне жетік жандар бұл әнді бір білсе Алтай жағындағы ескілікті кісілер, болмаса Баян-Өлгейдегі керейлер біледі деді. Шыңжанда ол ән кез келген қара өлең шумағымен айтылып жүр. Ал менің қолымда «Моңғол қазақтарының (1965, 1983) халық әндері», деген екі жинақ бар еді. Екі жинақтың екеуінде де «Керім-ау, айдай» әні кірген. «Әндебайдың баласы атым Тұрым» (Торым, деп те айтады. – И.Ж.) деп басталатын әнді Тұрым шығарған, әкесі Әндебай, сүйген қызы – Керім!
Тарих • 25 Ақпан, 2021
Алтын Орда тарихы киноға айналады
Жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің үндеуінде кинематографистерге тарихи тақырыпта фильмдерді түсіру қажеттігін айтқаны есімізде. «Бүгінде әлемдік киноиндустрияда тарих тақырыбындағы сценарийлерге сұраныс жоғары. Осы орайда біздің де тарихымызда ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империялардың бірі болған Алтын орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино саласының мамандары баса назар аударғаны жөн», деген еді Президент.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2021
Апаттық жүктемеге төтеп берді: Ұлттық оператор екі облыс тұтынушыларын газсыз қалдырған жоқ
Күні кеше Ресей Федерациясының аумағындағы «Союз» магистралдық газ құбырындағы апаттық жағдайға және ресейлік газ транзитінің тоқтатылуына байланысты, Ұлттық оператор – «ҚазТрансГаз» АҚ газ көлемінің толық жеткізілмегенін өтеу және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының тұтынушыларын тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдады.
Спорт • 25 Ақпан, 2021
Алаш жұртының әлемде атой салған чемпиондары аз емес. «Egemen Qazaqstan» газеті ақпан айында тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде биік тұғырдан көрінген ондаған Олимпиада, жүздеген әлем чемпионы мен жүлдегерін оқырман назарына ұсынды. Ал осындай толағай табыстардың ар жағында шәкірттерін қырандай баптап, аламанға қосатын жүздеген бапкердің еңбегі жатқаны cөзсіз. Спортшыларды жоғары деңгейде баптаған жаттықтырушылардың арқасында халықаралық жарыстарда елдің Әнұраны орындалып, көк тудың желбірейтіні сөзсіз. Сондай-ақ бапкерден бөлек тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін спорттың дамуына үнемі қолдау көрсететін, Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ еңбегін ерекше атап кеткен жөн. Тұңғыш Президенттің спортқа деген қамқорлығының арқасында жерлестеріміз жаһандық сайыстарда олжа салып, әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның абыройы мен мәртебесін асқақтатып келеді.