Президент • 28 Ақпан, 2024
Президент теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының инновациялық бастамаларымен танысқаннан кейін, теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті. Олардың қатарында Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Марат Хамзин, Болатбек Дүйсемәлиев, Қуаныш Котырев, Ескендір Рахметжанов, Оразғали Ахметбаев сияқты құрметті теміржолшылар болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 28 Ақпан, 2024
«JOLTAP» әлеуметтік жобасы: 1 000 астам азамат жұмысқа орналастырылды
Елордада жүзеге асырылып жатқан «JOLTAP» жобасы шеңберінде қала тұрғындары жұмысқа орналасуға көмек, 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады және 13 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жазыла алады. Келушілер мен жұмыссыз жастарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Инновациялық орталығына барды
Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы көлік-логистика орталығының ашылу рәсіміне телекөпір арқылы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
«Design Battle» байқауының жеңімпаздары анықталды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Алматы қаласында мемлекеттік тілді дамытуға арналған мобильді қосымшалардың үздік дизайнерлерін анықтайтын «Design Battle» байқауы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Рамазан айын пайдалы өткізудің 5 амалы
Алдағы наурызда мұсылман қауымы асыға күтетін, ораза ұстаған жанға Алланың сауабы төгілетін, қасиетті Рамазан айы басталады. Айлардың сұлтанына баланған бұл Рамазанға алдын ала рухани және физикалық дайындалудың маңызы зор. Жүйелі жасалған қам-қарекет Оразаны пайдалы, қиындықсыз өткізуге септеседі. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлдан ораза ұстау мен ауызашар беру әдебін сұрадық, деп жазады Egemen.kz.