Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Оған құқықтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент Айнұр Нурутдинова, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин қатысып, жиналғандарға Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Қазақстанда алдағы республикалық референдум қарсаңында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа Конституция жобасы туралы түрлі анықтамалық және танымдық материалдар қоғамдық орындарда, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен медициналық мекемелерде кеңінен таратылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Елімізде екпеден бас тарту жағдайлары жылдан жылға артып келеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше 2017 жылмен салыстырғанда, биыл екпе салдырмағандар саны 3,8 есе артқан. Ресми дерекке сәйкес, 2017 жылы шамамен 5,3 мың адам бас тартқан болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 20 мыңға жеткен. Бұл мәліметтер барлық екпелерге қатысты. Жиырма мың адам екпе салдыруға неліктен қарсы шықты? Екпенің денсаулыққа зияны бар ма? Шариғатта ол туралы не айтылған? Бұл туралы Egemen.kz тілшісі сараптап көрді.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қазақстанда 2026 жылдың басынан бастап дәрі-дәрмек жеткізушілерге қатысты Салық кодексінің жаңартылған нормалары күшіне енді. Нәтижесінде коммерциялық сегментте дәрі сататын көтерме және бөлшек компаниялар енді белгіленген бағаның 5% мөлшерінде қосылған құн салығын (ҚҚС) төлейді. 2027 жылдан бастап бұл мөлшерлеме 10%-ға дейін өседі. Бұл талап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында жеткізілетін және орфандық ауруларды емдеуге арналған препараттарға қолданылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Атырау облыстық перинаталдық орталығында Мақат ауданының 29 жастағы тұрғыны үшем босанды, деп хабарлайды Egemen.kz.