Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Республикалық референдумға санаулы күн қалды. Қазір еліміздің барлық өңірінде жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін автоматтандырылған постаматтар орнатылды. Енді осы жерден құжаттарды кезексіз және тәулік бойы алуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Құқық қорғау органдары Маңғыстау облысында онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікпен Рантик Бахтияр Оглыны тергеп жатыр. Тергеуге сәйкес, «bingo37.pro» платформасы арқылы мыңнан астам құмар ойын түріне, оның ішінде «Crazy Monkey», «Keno», «Euro Game» және басқа да танымал ойындарға қолжетімділік берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Түркістан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті бөлшек саудадағы әуе отыны нарығын тексеріп, заңсыз әрекеттерді анықтады. Анықталғандай, әуежай кәсіпкерлерден қосымша төлем талап еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 23 Ақпан, 2026
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Жетісу облысында жас кәсіпкер Ерболат Еренталов қолдан пісірілетін, ашытқы қоспасыз дайындалатын пайдалы нан өндірісін ашқан. Мамандығы экономист болса да, ол наубайшылықты өз бетінше меңгеріп, қазіргі таңда жеті түрлі өнім шығарады. Бүгінде зауытта күніне шамамен 350 өнім өндіріліп, облыс орталығындағы 25 дүкенге жеткізіледі. Ерболат алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, ассортиментті кеңейтіп, республикалық деңгейге шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.