Өндіріс • 18 Наурыз, 2025
Полипропилен өнімдеріне сұраныс жоғары
Ақтөбедегі «FIBC Kazakhstan» ЖШС мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс, тұрмыстық техника және автомобиль өндірісінде кеңінен қолданылатын полипропилен шикізатын өңдеу арқылы қапшық, вагон төсеніші мен қаптама, шатыр, техникалық таспаларды сатылымға шығарады. 8 жыл бұрын шағын цех түрінде ашылған кәсіпорын бүгінде 104 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған іргелі өндіріске айналды.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 18 Наурыз, 2025
«Наурыз жұмыскермен» бірге армандар орындалады
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Үкімет техникалық мамандарды қолдау шараларын мемлекеттік деңгейде жүргізе бастады.
Театр • 18 Наурыз, 2025
Астана қаласы әкімдігіне қарасты Музыкалық жас көрермен театрында өнер жолына түсіп, театрда табысқан жұптар көп. Бүгінге дейін ұжымда, санап қарасақ, сахнада жарасып, бір-біріне үйленіп отбасын құрған 15 жұп бар екен. 16 наурыз – Шаңырақ күні қарсаңында театрда танысып, табысқан сондай бақытты жандар қатары және бір отбасымен толығып, он алтыншы жұптың ақ некесі қиылды.
Қылмыс • 18 Наурыз, 2025
Кибералаяқтан сақтану жолы қандай?
Кейінгі кезде азаматтардың жеке деректерінің жария болып кету фактілері жиілеген. Алаяқтар да жасанды интеллектіні өз мақсатына қарай ыңғайлап алды. Бұл – еліміздегі ғана емес, дүниежүзіндегі түйткілді мәселе. Осыған байланысты, қаржылық және цифрлық сауаттылықтың маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында: «Қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет қаржы саласын реттеу органдарымен бірге атқаруы керек», деді.