Аймақтар • 15 Наурыз, 2025
Астанадағы «Жастар» сарайында Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл атындағы «Ғасырлар пернесі» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнерпаздарының концерті өтті.
Пікір • 15 Наурыз, 2025
«Аrtsport» ауыл балаларына қолжетімсіз
Алқалы жиынның Әлеуметтік-экономикалық секциясы отырысында «Аrtsport» бағдарламасының қаржысын үнемдеу туралы ұсыныс айттым. Мәселен, Қарағанды облысында бұл бағдарламаға бір жылда 4 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Облыс халқының 85 пайызы қалада тұратынын ескерсек, «Аrtsport»-тың қызығын қала балалары көріп жатыр. Ал қалаларда тегін үйірме-секцияларды мәдениет үйлері мен жасөспірімдер сарайы да ұсынады.
Айтыс • 15 Наурыз, 2025
Биыл 24-ақ жыл өмір сүріп, соңына қисапсыз қазына қалдырған Ұлбике Жанкелдіқызының туғанына 200 жыл. Сырдың Тереңөзегінде туып, Жамбыл облысындағы Талас өзенінің бойынан топырақ бұйырғанмен, таңдайында өлеңнің ұясы бар тағдырлы таланттың мұрасы мұқым қазаққа ортақ.
Жоба • 15 Наурыз, 2025
Жастарға мүмкіндік берген бағдарлама
Ірі қалаларда тұратын, тұрақты жұмысы болғанымен тапқаны пәтерақысы, күнкөрісінен артылмайтын, баспаналы болуға жағдайы келмейтін жас мамандарға, жас отбасыларға қосымша жағдай жасау мақсатында осыдан бес жыл бұрын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған еді. Содан бері мемлекеттің ұсынған мүмкіндігін сәтті пайдаланған ізденімпаз жастар алғашқы жарнасын жиып, тиімді бағдарламамен үйлі болды.
Қоғам • 15 Наурыз, 2025
Кейінгі жылдары жергілікті атқарушы биліктің ықпалымен баспана кезегінде тұрған қала тұрғындарының мәселесі оңынан шешіле бастады. Пәтер алуды армандаған бір топ отбасының арманы орындалды. Облыс орталығында 160 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, ондаған отбасы қоныс тойын тойлады.