Еңбек • 14 Наурыз, 2025
Өскелең ұрпақты адал еңбекке тәрбиелеу – талайды толғандырған түйткілді мәселе. Жас толқынға жақсы мысал болар деген үмітпен бір әулетте өсіп-өнген ағайынды механизаторлар туралы сыр шертудің реті келіп тұр.
Талбесік • 14 Наурыз, 2025
Ұлан-ғайыр далаға киік сыймай барады...
Қазірде қазақ даласында ақбөкеннің қыстық өрісі, орын ауыстыру жолы, жазғы жайылымы белгіленген үш ірі үйірі бар. Олар Бетпақдала, Арал, Орал өңірінде. Бұрын Бетпақдала популяциясы ең ірісі деп есептелетін. Кейінгі жылдары экологиялық өзгеріске байланысты Орал үйірі тез қарқынмен өсіп, алдыңғы қатарға шықты.
Еңбек • 14 Наурыз, 2025
Еңбек еткенге бақыт басын иеді
Күнделікті тұтынатын астың сапалы әрі құнарлы болуын жіті назарда ұстап, отандық нарықта 20 жылдан астам уақыт табандылықпен еңбек етіп келе жатқан «Аdal» компаниясының сүт өнімдері әр шаңырақтың ас үйінен табылады.
Жансарай • 14 Наурыз, 2025
Қашағанын өнердің құрықтаған...
Ұлттық бейнелеу өнерінің тарихы тым әріден басталады. Бірақ оның даму кезеңі өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан жалғасты. Оған алғаш Әбілхан Қастеев, Орал Таңсықбаев секілді айтулы тұлғалар түрен салды. Олар бейнелеу өнерін кәсіби деңгейге көтерді. Мектеп қалыптастырды. Осыдан бастап, қазақ қылқалам шеберлерінің үлкен шоғыры өртеңге өскен шөптей қаулап шықты. Соның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейнелеу өнеріне келіп, айшықты із қалдырған Қазақстанның халық суретшісі Молдахмет Кенбаевтың шоқтығы биік. Оның туындыларында ұлттың бекзат болмысы, дарқан даланың кеңдігі шынайы көркемделген.
Спорт • 14 Наурыз, 2025
Өзбекстанда өткен әлем чемпионатына 15 жастағы Ұйғыр ауданының спортшысы Раушан Тоқтарбай қатысып, екі дүркін чемпион атанды. Осы мерейлі жеңіске орай, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде келелі кездесу өтті.