Пікір • 13 Наурыз, 2025
Ғалымдар «Арман-мақсаты таусылған адам қайткенде де бұл дүниені тәрк етеді. Ауырып, болмаса сап-сау жүріп, бір-ақ күнде о дүниеге кете барады» дейді. Бұл жалқы адам емес, тұтас ұлт, қоғам мен халыққа да қатысты болса керек. Дүниеде ортақ арманы, ортақ мүддесі жоқ қоғамның да батарға күні таяу. Әркім өз қарақан басының мүддесін күйттеген жерде радикалды идеялар мен бөлінушілік, бүлікшілдік бүр жарады. Іштен іріп, бөлшектенуге даяр. Ел боламыз десек, есіңді жидыратын, тұтас ұлтты ұйытатын, рухты көтеретін, керек десе, сол идея жолында жан беруге болатын ұлттық идеология керек бізге. Мұны айтып жүрген жалғыз біз емес және бұл бүгін ғана пайда болған мәселе емес. Ұлттың сөзін тас қылып ұстаған Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Бұқар жыраулардан бергі көштің өкілі ретінде біз де бұл мәселеге бас қатырарымыз бар. Талай жерде осыны айттық. Қайбір атқамінер ағаларымыз «Айта бергенше, жазбайсың ба?» деген соң қолымызға қалам алдық, көкірек дәуітке малдық...
Заң мен Тәртіп • 13 Наурыз, 2025
Жол қауіпсіздігін қалай реттейміз?
Елімізде жол-көлік апатының жиілеуі жұртшылықты алаңдатып тұр. Жылына 2 мыңнан аса адам жол үстінде қаза тауып, 10 мыңдаған тұрғын жарақат алады. Бұл проблемаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында арнайы тоқталғаны белгілі.
Оқиға • 13 Наурыз, 2025
«Алтын сапа» сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Бұл сыйлық өнім мен қызмет сапасын арттыруда айтарлықтай жетістіктерге жеткен кәсіпкерлерге беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Наурыз, 2025
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, әділет органдарының қызметі мен атқарып жатқан жұмыстары талқыға түсті. Ресми өкіл журналистерге еліміздегі алимент өндіру, әділет саласын цифрландыру, елді мекендердің атын өнімге беру арқылы бренд қалыптастыру, аутопсия әдісімен медициналық сараптама жасау сияқты мәселелер хақындағы өзгерістерді тілшілерге түсіндірді.
Өндіріс • 13 Наурыз, 2025
Мұнай-газ өндірісінің мүмкіндігі мол
Атырауда мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын «Beruseal Caspian» зауытының ресми ашылуы өтті. Бұл – отандық өндірісті дамыту және ірі мұнай-газ жобаларындағы отандық тауарлардың үлесін арттыру жолындағы маңызды қадам.