Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Астана қаласындағы №2 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр
Еуразия ұлттық университетінің студенттер үйінде орналасқан №2 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Қостанай облысының әкімі дауыс берді
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қалалық музыка мектебі ғимаратындағы №3 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл учаскеге 1600-ге жуық сайлаушы тіркелген. Өз таңдауын жасаған соң әкім БАҚ өкілдеріне сұқбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 19 Наурыз, 2023
Жас теннисшілер Үндістанда топ жарды
Қазақстанның жас теннисшілері Үндістанның Дехрадун қаласында өтіп жатқан жарыстарда керемет нәтижеге қол жеткізді, спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Сайлауға қатысқандар саны туралы ақпарат жаңарды
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65%−ы бюллетень алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодар тұрғыны сайлауға ұлттық киім киіп келді
Сайлауға ұлттық киім киіп келген Аққулы ауданы Шарбақты ауылының тұрғыны Жасталап Жұмабаев 336 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.