Байқау • 13 Наурыз, 2025
Астаналық Әмір Нұрболатұлы Бішкек қаласында өткен «I халықаралық балалар арасындағы ұлттық дельфий ойындары» байқауында жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл сайыста қола медальға қол жеткізудің өзі үлкен жетістік. Өйткені осынау таланттар тайталасына 8 мемлекеттің ең үздік өнерпаз өрендері жиналған.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2025
Жаңа қоқыс полигоны жоспарланды
Жезқазған мен Сәтбаев қалаларына ортақ қоқыс полигоны салынады. Қолданыстағы полигон Жезқазған қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Күніне шамамен 150 тонна қоқыс төгіледі. Тау болып үйілген қоқысты өртегенде айналаға жағымсыз иіс тарайды.
Спорт • 13 Наурыз, 2025
5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде Балауса Мұздиман да өнер көрсетеді. Осыған дейін алты кездесу өткізіп, барлығында басымдық танытып, бес қарсыласын нокаутқа жіберген Балауса америкалық Розалинда Родригеспен (14-0, 3 КО) күш сынасады. Жарыстың басты бәсекесінде WBO мен IBF нұсқаларының чемпиондық белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы Францияның өкілі Анауэль Нгамиссенгемен жұдырықтасады.
Еңбек • 13 Наурыз, 2025
Білікті маман – ұжымның беделі
Жаны нәзік демесеңіз, әйел баласы қоғамның қай саласында да ерлермен иық тірестіре еңбек етіп келеді. Темірдей тәртіп орнаған мекемеге жып-жылы шуақ сыйлап жүретін де солар. Айналамызда мұндай қайсар ханымдар аз емес. Ұзақ жыл бойы кеден саласында табысты еңбек етіп жүрген Бибігүл Тұрысбекқызының өмір өнегесі сан сынақтан сүрінбей өтіп, жігері мұқалмаған қайратты жанның жарқын үлгісін көз алдымызға әкеледі.
Спорт • 13 Наурыз, 2025
Әлем чемпионатына 10 спортшы аттанды
14 наурызда Бейжіңде шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі додада еліміздің намысын 10 өреніміз қорғайды.