Банк • 12 Наурыз, 2025
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк – «Отбасы банк» клиенттерінің жинақ шоттарына жақында тың қаражат түсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйлеріне ақша жинап жүрген 2 134 279 отандасымыз «Отбасы банкіндегі» депозиттеріне мемлекеттік сыйлықақы алды.
Несие • 12 Наурыз, 2025
Автонесие: Шарт пен мөлшерлеме
Бүгінде автокөлік – көптеген отандасымыздың сенімді серігі, қажетті құралына айналды. Алайда жаңа немесе сапалы қолданыста болған көлікті бірден сатып алу көпшілікке қиын. Осы ретте автонесие тиімді шешім болуы мүмкін. Елдегі банктер қандай шарттар ұсынатынын, ең тиімді ұсыныс қайсы екенін қарастырайық.
Сұхбат • 12 Наурыз, 2025
Баланы шектен тыс өбектеу әлсіз адамдарды көбейтеді
Суицид – әлем жұртшылығы үшін ең өзекті әлеуметтік және психологиялық мәселенің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметіне сенсек, кейінгі жылдары елімізде өз-өзіне қол жұмсаушылардың саны өсіп келе жатқаны алаңдатады. Әсіресе әскери қызметкерлер мен сарбаздар арасындағы суицид пен ер-азаматтардың менталдық саулығы қашан да өзекті сипатқа ие. Осы жөніндегі сауалымызды Алматыдағы Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар РАХМЕНШЕЕВКЕ қойған едік.
Президент • 12 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Дариға Тілендиеваның отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 12 Наурыз, 2025
Отан қорғауға дайынсың ба, бозбала?
Көктем келісімен әскерге шақыру науқаны басталды. Алғашқы лекпен елордадан 25 азамат Шығыс Қазақстан облысындағы Шекара қызметінің әскери бөлімшесіне аттанды. Алдағы уақытта тағы мыңдаған бозбала армия қатарын толықтырады. Олар қайтіп іріктеледі? Республиканың әр түкпірінде құрылған комиссия қалай жұмыс істеп жатыр? Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандарға қандай мүмкіндіктер мен жеңілдіктер бар? Осы секілді сауалдарды арқау етіп Астана қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің пунктіне арнайы бардық.