Президент • 07 Наурыз, 2025
Бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Наурыз, 2025
Трамп ядролық қарудан бас тартуға шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп барлық мемлекетті ядролық қарудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 07 Наурыз, 2025
Адам жаратылысы күрделі. Ол әркез сүйіспеншілік, таңғалу, өкпелеу, қуаныш-қайғы, мейірім-шапағат, т.б. сезімдер жетегінде жүреді. Осы сезімдерді шегінен асырмай тізгіндеп, оларды тұрақтылық пен тепе-теңдік жағдайында ұстай білген адам өкінішке ұрынбайды. Яғни жоғарыдағы әрқилы сезім құбылысын тізгіндеп, реттей білген кісі бақытты отбасын құра алады.
Қоғам • 07 Наурыз, 2025
Ораза сергектік пен жауапкершілікті күшейтеді - терапевт-гастроэнтеролог
Рамазан айындағы отыз күн оразаның сауабынан бөлек, денсаулыққа пайдалы жағы да көп. Дегенмен бойында кінәраты бар кейбір адамның ағзасына кері әсері де болуы мүмкін. Ас қорыту жүйесінің дерті көбейіп тұрған бүгінгі заманда ауыз бекітудің пайдалы тұстарымен қатар, жанама кері әсерлерін де білген абзал. Осы мақсатта Астанадағы «Жәрдем» медициналық орталығының терапевт-гастроэнтерологі Нұргүл Исаевамен сұхбаттасқан едік.
Халық • 07 Наурыз, 2025
Қиын кезде қолдаған халыққа риза
Қазаққа жиі алғыс айтатын этностың бірі – кәріс. Өйткені жергілікті тұрғындар 1937 жылы Қиыр Шығыстан депортацияланған оларды кеудеден итермей, бауырына басты. Қазір Атырау облысында қиырдан жер аударылған этностың 3 мыңға жуық өкілі бар.