Аймақтар • 07 Наурыз, 2025
Наурыз айы теріскейдің тынышын кетіреді
2022 жылдың наурызында Петропавл қаласындағы ЖЭО-2 мұржасының ортан белінен майырыла құлағанын көпшілік жақсы біледі. Түбіндегі диаметрі – 12, ұшар басындағы диаметрі 7 метр болған 150 метрлік мұржа 90–95 метр биіктік аралығында опырылып түскен. Жауапты адамдар жазаланып та үлгерді. Энергетиктердің «желден болды» дегені жел сөз болып шығып, үкіметтің арнаулы комиссиясы апаттың негізгі себебі жобалау кезінде және бетондау жұмысында жіберілген қателіктен, пайдалану барысында технологиялық талаптар сақталмағандықтан деген қорытынды шығарған.
Қоғам • 07 Наурыз, 2025
Елордада «Қазақстан халқы Ассамблеясы: Бірлік пен дамудың үш онжылдығы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Басқосу Ассамблеяның 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жиында мәдениетаралық диалогті нығайту жолындағы бірегей институттың рөлі, этносаралық қарым-қатынас мәселесі сөз болды.
Білім • 07 Наурыз, 2025
Білім ордасының меншігі қашан қайтарылады?
Елімізде әлдекімдердің иелігіне дүдәмал күйде өтіп кеткен мемлекет меншігін қайтару ісі жалғасып жатыр. Талапайға түскен нысандардың айналасында даулы мәселелер аз емес. Алматыда өткен «Amanat» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды.
Құрылыс • 07 Наурыз, 2025
Құрылыс материалдары өндірісі: инвестиция да, импорт та өсті
Былтыр 1 336 млрд теңгенің құрылыс материалы өндіріліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда (2023 жылы 1 249 млрд теңге болған) 6,9%-ға артық өсім көрсеткен. Не өндірілді дегенге келсек, ескерткіштерге арналған тас өндірісі, минералды және шлак мақта өндірісі, отқа төзімді емес керамикалық кірпіш өндірісінің көлемі еселеп ұлғайған.
Үкімет • 07 Наурыз, 2025
Инвестициялық ахуалды жақсарту – басым бағыт
Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет қалыптасқан мәселелерді жедел шешу және инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосу үшін бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды нығайтты.