Өшпес даңқ • 07 Наурыз, 2025
Әлекен әулеті Андрейді әлі күтіп жүр
Сырым Әлекен әулетінің үш буыны ХХ ғасыр басындағы солақай саясаттың зәбірін әбден көрді. Қиын-қыстау жылдары осы әулеттің жаулары тасада тұрып оқ атқандарымен қоймай, ұрпақтарына дейін түгел жойып жіберуді мұқият жоспарлаған. Оқиға 1934 жылдың күз айында Темір ауданы «Қонжар» кеңшарының тұрғыны, бұрынғы ауқатты Сырым Әлекенұлы мен оның бәйбішесі Әзизаны милиция жасағы арбаға байлап алып кетуден басталды.
Музей • 07 Наурыз, 2025
Мұрасы мол Маңғыстаудағы облыстық музей өңірдің өткені мен өрнегін, шеберлігі мен шежіресін, жәдігері мен жауһарын жиған қазыналы сандық сынды. Ішіне кірген адам оңайлықпен қайта шығып кете алмай, тұнып тұрған табиғи ерекшелікке тәнті бола тамсанып, ұлттық құндылықтың қойнауына сүңги жөнелетін «Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1975 жылы ашылған.
Өнер • 07 Наурыз, 2025
Ұлттық өнерді жаһанға танытқан зергер
Икрамжан Рафиков зергерлік кәсіппен отыз жылдан астам уақыттан бері шұғылданып келеді. Ол неше түрлі әшекей соғады. Сырға, алқа, білезік, жүзік, белдік, тағы сол секілді дүниелер. Әшекей бұйымдары ХVІІІ–ХХ ғасырларда өмір сүрген қазақ халқының мәдениетіне тән. Сонымен қатар сақ дәуірінің мүсіндері мен ою-өрнегін де пайдаланады.
Таным • 07 Наурыз, 2025
Қазақтан шыққан тұңғыш әйел суретшілер туралы айтқанда ойымызға алдымен Айша Ғалымбаева мен Гүлфайрус Исмаилова келеді. Иә, бұл апаларымыз 40-жылдары Алматы көркемсурет училищесінде білім алып, кәсіби суретші атанғаны рас. Бірақ олардан көп бұрын қылқалам мен кенепті серік еткен қазақ қызы Зәуреш Бөкеева туралы білеміз бе?
Тұлға • 07 Наурыз, 2025
Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты көрме мен дөңгелек үстел өтті.