Тағзым • 07 Наурыз, 2025
Биыл көрнекті ақын Нұрпейіс Байғаниннің туғанына – 165 жыл. Осыған орай Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Ер туралы жыр» деп аталған мәдени-танымдық іс-шара өтіп, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан ақынның шығармашылық мұрасы ардақталды.
Әдебиет • 07 Наурыз, 2025
«Қайран да менің боз дөңiм...»
«Көзімнен жаңбыр жауғанын,Сездің бе, туған тауларым.Баурыңа жетіп лауладым...Қызарып күндей батқалы,Өзіңе келдім жатқалы...». Бұл – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, тағдырлы ақын Төлеужан Ысмайыловтың «Абыралымен арыздасу» атты өлеңінен үзінді. Ол небәрі қырық жасында өмірден озды, өзі суреттегендей, туған тауларына көз жасын жаңбырша төгіп, қызарып барып батқан күндей мәңгілік мекеніне жол тартып кете барды.
Туризм • 07 Наурыз, 2025
Бозжыра мен Айрақты әлемдік саяхат тізіміне енеді
Маңғыстаудың географиялық орналасуы, табиғи тартымдылығы, тарихи-мәдени мұраларының молдығы мен сәулеттік ерекшелігі өңірдің туристік әлеуетінің аса қуатты екенін аңғартады. Аймақта туризм туралы айтқанда, бірінен бірі асып түсетін, бірінде жоқты бірі толықтыратын орындар мен нысандарды шабыттана баяндауға болады.
Әдебиет • 07 Наурыз, 2025
Уақыт ілгерілеп, заман ауысқан сайын құдіретті поэзияның көші де сан түрлі тарауға түсті. Ал бүгінде «әркімнің таласы бар» өлең өлкесінде әр ақын өзінше жортып келеді. Бір тобы кешегі ұлылар із қалдырған қазақы қара өлеңнің жотасында тұр. Енді біреулері – «ақ өлең жазамыз» деген топтың өкілі. Демек қазіргі өлең өлкесінде ақ пен қара да қоса жүр. Бұл – өз алдына бөлек тақырып. Ал біздің айтпағымыз, қазақ поэзиясының қара өлең көшіндегі талантты ақынның бірі – Ербол Алшынбайдың поэзиясы хақында.
Тұлға • 07 Наурыз, 2025
«О, өлең! Табады дертімнің ол емін...»
Биыл біртуар ақын Тоқаш Бердияровтың туғанына – 100 жыл! Жеңіске 80 жыл екен. Мұны айтып отырған себебім, Тоқаң соғысқа қатысқан майдангер ақын. Соғыстан кейін сүңгуір қайықта теңізші болған. Кейбір тұлғалардың трагедиясы сол, соңында іздеушісі болмаса, сол бойы ұмытылады. Ел үшін істеген есіл еңбегі еленбей, ескерілмей жата береді. Әгәрәки, тарихтың тегершігі кері айналып, адасқан әр шындық өз орнын әділеттілікпен табар болса, ол жерде ең алдымен тұғырынан байқаусызда жылжып кеткен тұлғалар табысар еді. Қазақ әдебиеті тарихында өшпестей аты қалған, таланты «тоналған», даңқы «ұрланған» арқалы ақын Тоқаш Бердияров тап осындай тұлғалардың қатарынан екені анық.