Кино • 07 Наурыз, 2025
Киножобаларды іріктеу басталды
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады. Киножобаларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асады.
Өнер • 07 Наурыз, 2025
«Qazaqstan» Орталық концерт залында әйгілі «Gulder» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтті. Кеш бағдарламасында арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар мен жаңа хореографиялық композицияның тұсаукесері, авторлық әндер, танымал әртістермен ұтымды коллаборация, сондай-ақ классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылды.
Басылым • 07 Наурыз, 2025
Гонконг журналы Ұлықбек ақын туралы
Кейінгі кездері еліміздің әдеби тыныс-тіршілігінде айтарлықтай жаңалықтар бар. Соның бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулеттің өмірбаяны мен суреті «Гонконг әдебиеті мен өнері» журналының мұқабасына басылыпты. Аталған алпауыт басылым 2025 жылдың бірінші санын Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығын насихаттаумен бастағаны – әдебиетіміз үшін үлкен жаңалық.
Көрме • 07 Наурыз, 2025
Астанадағы «Әйелге әсемдік жарасады» атты мәдени-рухани көрме көне мұраны қайта жаңғыртып, қазақ әйелінің сұлулық рәмізіне айналған ұлттық киімдері мен зергерлік бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Бұл шара «Ұлттық мұра» жобасы аясында жүзеге асқанымен, оның мәні мен мазмұны одан әлдеқайда терең. Бұл – ата-бабадан қалған асыл өнерді дәріптеу, бүгінгі ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін сіңіру, сонымен бірге өткеннің өнегесін келешекке аманаттау.
Ауа райы • 07 Наурыз, 2025
Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.