Салық • 06 Наурыз, 2025
Қытайлық маркетплейстердің өрісі тарылды ма?
Былтырдан бері АҚШ пен Еуропалық одақ елдері қытайлық маркетплейстерге, атап айтқанда «Temu» мен «Shein»-ге қарсы белсенді түрде күрес бастады. АҚШ-та биыл 4 ақпаннан бастап баж салығы бойынша жаңа ережелер мен шектеулер – Қытайдан әкелінетін тауарларға 10% мөлшерінде қосымша салықтар енгізілді. Сонымен қатар 800 доллардан арзан тауарларды бажсыз әкелуге мүмкіндік беретін «De minimis» жеңілдігінің де күші жойылды. Сарапшылардың айтуынша, бұған дейін «De minimis» мүмкіндігінің күшімен кез келген тариф пен кедендік тексеруден босатылған «Temu» мен «Shein»-ге бұл үлкен соққы болды.
Білім • 06 Наурыз, 2025
Еліміздегі педагогтердің 82,1 пайызы әйелдер
Қазақстанның білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді. Бұл жалпы ұстаздардың 82,1 пайызын құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 06 Наурыз, 2025
«Қарашығанақ» Қарағандыға жақындай түсті
Мұнай саласындағы ірі кәсіпорын – «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» (КПО) бас директоры Марко Марсили бастаған делегация Қарағандыға келді. Жергілікті кәсіпорындармен ынтымақта жұмыс істеуді көздеген компания облыс әкімдігімен ортақ меморандумға қол қойды.
Инвестиция • 06 Наурыз, 2025
Шетелдік инвесторлар қызығып отыр
Қытайлық инвесторлар Ертіс–Баян өңіріндегі өндірістік әлеуетке қызығып отыр. Инвесторлар автокөлік дискісі мен қосалқы бөлшекті, катализатор және күнбағыс майының эстракциясын шығаратын зауыттар салуға ниет танытты.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Арал ауданын сумен жабдықтауға 4,2 млрд теңге бөлінді
Қаржы Арнаулы мемлекеттік қордан, қайтарылған активтердің есебінен берілген. Бұл қаржыға Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесі салынады және жаңғыртылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.