Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Кітап оқушы жастар – ел болашағы. Нобель сыйлығының лауреаты, әйгілі атомшы-ғалым Жорес Альферов: «Физика ғылымын дамыту үшін орта мектептерде әдебиет пәні сабағын арттыру керек», деген өсиет айтыпты. Ал жазушы Шерхан Мұртаза: «Егер бір адам кітап оқымаса, ол оның жеке қайғысы. Бүкіл ұлт кітап оқымаса – ұлттың трагедиясы» деген еді. Оқуға ден қойған ұлттың қашанда бәсі биік.
Үкімет • 06 Наурыз, 2025
Бөгеттер нығайтылып, өзен арналары тазартылады
Қанат Бозымбаев Ақмола облысында болды. Вице-премьер аймақ басшысы Марат Ахметжановпен бірге Астрахан және Атбасар аудандарының, сондай-ақ Атбасар қаласының су тасқынына дайындығын тексерді. Елді мекендер тексерілді, қорғаныс гидротехникалық құрылыстары қаралды.
Өндіріс • 06 Наурыз, 2025
Петропавл қаласында «Масло-Дел» компаниясы құны 34 млрд теңгеге бағаланған май экстракциялайтын зауыт ашты. Бұл – «Масло-Делдің» біздің өңірде ашып отырған екінші кәсіпорны. Оның ең алғашқы зауыты 1999 жылы Алматыда жұмысын бастаған. Содан бері серіктестік азық-түлік өндіру нарығында алдыңғы орындардың бірін еншілеп келеді. Өңірлерде оның осындай алты кәсіпорны бар.
Үкімет • 06 Наурыз, 2025
Мегаполистерді реттейтін заң жобасы мақұлданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі халықаралық орталық құру туралы келісімді ратификациялау жобасын жұмысқа қабылдады. Сондай-ақ депутаттар елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Күн тәртібінде Су кодексі де қаралып, тиісті шешімі шығарылды.
Инфографика • 06 Наурыз, 2025
Әлеуметтік мемлекеттегі күрмеулі мәселенің бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту. Былтыр елімізде 979 мың азамат жұмысқа орналастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің негізгі бағыты да – ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.