Құрылтай • 05 Наурыз, 2025
Ұлтты ұйыстырудың жарқын үлгісі
Мемлекет басшысы ұлт бірлігін нығайтуда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде, халықаралық аренадағы беделін арттыруда дәстүр мен жасампаздықты тең ұстауды жиі айтады. Бұл ретте азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік әділеттің салтанат құруына, жастардың болашағына инвестиция салуға, ғылым мен білім саласының жаңашылдығына айрықша көңіл бөлініп отыр.
Заң мен Тәртіп • 05 Наурыз, 2025
Мас жүргізушіні қатаң жаза жөнге салады
«Мас жүргізуші – қылмыскер» деген ертеден келе жатқан ұғым әлі де маңызын жойған жоқ. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметіне қарағанда, 2019 жылы маскүнем жүргізушілердің кінәсінен елімізде 622 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болып, салдарынан 138 адам қаза тапқан. Сол жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік құралдарын масаң күйінде жүргізгені үшін заңнаманы қатайтуды тапсырған еді.
Заң мен Тәртіп • 05 Наурыз, 2025
Адам құқын қорғаудағы ілкімді шаралар
Кейінгі жылдары елімізде адам құқын қорғау саласында ілкімді жұмыстар қолға алынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң қабылдаудан бастап адам саудасының алдын алуға дейінгі өзекті мәселелер шешімін тауып келеді. Алайда заң тұрғысынан реттеуді қажет ететін түйткілдер әлі де бар. Бұл мәселемен Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия тұрақты түрде айналысады.
Энергетика • 05 Наурыз, 2025
Энергетикалық даму: келешекке нақты сенім
Энергетика – ел экономикасын қамтамасыз ететін өмірлік маңызды жүйе. Оның тұрақтылығы мен тиімділігі әр үйдегі жайлы тұрмысқа, елдің қарқынды дамуына және сенімді түрде алға жылжуына тікелей әсер етеді. Еліміз елеулі энергетикалық ресурстарға ие бола отырып, жаңа дәуірге қадам басты. Бұл бағытта сенімділік, инновация және экологиялық жауапкершілік негізгі қағидаттар болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Энергетика – бүкіл экономиканың қозғаушы күші», сондықтан оның дамуына басымдық берілуге тиіс. Жаһандық үрдістерге сәйкес келетін, мықты, заманауи және тұрақты энергетикалық жүйені қалыптастыруға бағытталған стратегия әзірленіп жатыр. Бұл стратегия елдің жүйелі дамуын қамтамасыз етуге арналған.
Сараптама • 05 Наурыз, 2025
Әлем мұнай бағасына тәуелді...
Бюджетіміздің басым үлесін мұнайдан түскен табыс құрайтындықтан, нарықтағы ахуалға әркез назар аударып отырамыз. АҚШ-та Дональд Трамптың билікке келуі нарықты аздап алаңдатты. Себебі Құрама штаттар басшысы мұнайдың әлемдік бағасын төмендетемін деп мәлімдеді. Ол алғашқы президенттік кезеңінде де бағаны түсіргісі келді. Бірақ баға түсе қойған жоқ. АҚШ – әлемдегі ең көп мұнай шығаратын ел. Өндірген мұнайының 70 пайызы – тақтатас мұнайы. Оның өзіндік құны – барреліне 60 доллар шамасында. Егер баға құлдырап жатса, бірінші соққыны басқа емес, АҚШ өндірушілері алады. Сонымен бірге жұмысшылары қысқара бастайды. Демек таяқтың екі ұшы да өзіне тиеді деген сөз.