Коронавирус • 30 Наурыз, 2020
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам анықталды
12:45-дегі жағдай бойынша Алматы облысында тағы бір адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ДСМ хабарлады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Шымкентегі ХҚО дайын құжаттарды біріңғай терезе арқылы береді
30 наурыздан бастап әр қалада бір-бір ХҚО дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді. Мұнда қазақстандықтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева хабарлады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Шымкент: «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабындағы тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде
Бұл туралы Шымкент қаласына қарасты Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов ақпараттық-коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтып өтті. Қазіргі таңда қаладағы карантинге жабылған «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. «Nur Otan» партиясы ұйымдастырған «Біз біргеміз!» республикалық акциясының аясында жағдайы төмен 107 отбасыға (616 адам) азық-түлік себеттері тегін таратылды.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Атырау автобустарында жолаушылар ағыны 60 мыңға азайды
Атырау қаласындағы автобустарға мінетін жолаушылар бұрынғыдай көп емес.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Елордадағы №2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс істейді
Аталмыш емханада ЖРВИ белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.