Руханият • 30 Наурыз, 2020
Ақын Аманхан Әлімұлы дүниеден өтті
Белгілі ақын, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Аманхан Әлімұлы 68 жасында дүниеден өтті.
Президент • 30 Наурыз, 2020
Мемлекет басшысы ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды
Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бизнес • 30 Наурыз, 2020
Ұлттық компанияларға 2019 жылғы таза табыстың 100%-ы мөлшерінде дивидендтер төлеу міндеттелді
Үкіметтің 27 наурыздағы қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдар акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізген кезде сыйақыны төлеуге таза кірістің бір бөлігін бөлу бойынша шаралар қабылдауы керек. Құжатта 2019 жылдың аяғындағы таза кіріс мөлшерінің 100%-ы көрсетілген. Аталған бұйрық «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына қатысты.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтанда көшеге себепсіз шыққаны үшін 164 адам учаскеге жеткізілді
2020 жылғы наурыз айының 28-і сағат 00.00-ден бастап елордада азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектелді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Атырау стансасына баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады
2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау стансасына баратын және одан шығатын барлық пойыздарға билет сату, жолаушыларды отырғызу және түсіруге тыйым салынады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.