Тарих • 05 Наурыз, 2026
«Сусағанның түсіне су кіреді»: Әлихан Бөкейханов қазақ қоғамының саяси бейнесін қалай сипаттады?
Бүгін қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, ұлт азаттығы жолындағы күрестің көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толып отыр. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқы үшін күрделі әрі шешуші кезеңде елдің ертеңі үшін күрескен тұлға өз еңбектерінде халықтың саяси құқықтары, жер мәселесі, ұлттық теңдік туралы батыл пікірлер айтты. Мақалаларында патшалық биліктің отаршыл саясатын сынап, қазақ халқының мүддесін қорғады. Бөкейхановтың қазақ қоғамының саяси жағдайын ашып көрсететін маңызды публицистикалық еңбегінің бірі − «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 30 қарашадағы санында жарияланған «Сусағанның түсіне су кіреді» мақаласы.
Саясат • 05 Наурыз, 2026
Иранда жұмыс істеп жүрген 34 отандасымыз эвакуацияланды
Қазақстанның Армениядағы елшілігінің көмегімен Ирандағы Заркух алтын өндіру кәсіпорнында жұмыс істеп жүрген 34 азаматымыз Арменияға эвакуацияланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Төрт бірдей туысын өлтірген күдіктінің бұрын сотты болғаны белгілі болды
Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өз отбасын өлтірді деп айыпталған күдікті бұрын сотталған болып шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты
Қазақстанда Қылмыстық кодекстің жаңа 115-1 бабы – сталкинг бойынша алғашқы сот үкімдерінің бірі жарияланды. Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны бейтаныс әйелді жүйелі түрде аңдығаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы аналарға мерекеге орай 15 мың теңгеден беріледі
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облсында көпбалалы аналарға 15 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл қолдау шарасы жыл сайынғы дәстүрге айналып, облыстық бюджет есебінен жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.