Қаржы • 02 Наурыз, 2023
Зейнетақы аннуитетінің әлеуеті
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары бойынша кіріс көлемі 369,4 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға аз. Бұл сектордағы 7 жыл үздіксіз өсуден кейінгі алғашқы төмендеу. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2021 жылы ерікті жеке сақтандыру бойынша сыйлықақы көлемі – 70,9%-ға, 2020 жылы проблемалық «коронадағдарыс» кезінде – 10,3%-ға, ал 2019 жылы бір жарым есе өскен еді.
Әскер • 02 Наурыз, 2023
1-наурыздан бастап көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Әскерге шақыру науқаны шілдеге дейін жалғасып, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы 18 мыңнан астам сарбаз толықтырады.
Пікір • 02 Наурыз, 2023
Бұрынғының қариялары туралы әңгіме қозғағанда аузымыздан жаман сөз шықпайды: «Шіркін-ай, кешегінің қарттары қандай еді, әрқайсы бір-бір тұлға еді ғой!» деген сыңайдағы сөздерді айтып жатамыз. Дұрыс-ақ, оған дау жоқ, бұрынғының үлкендері кесек мінезді, кісілік келбеті келісті, көшелі келетін. Сондай үлгі аларлық үлкендердің шет жағасын көрдік те...
Медицина • 02 Наурыз, 2023
Оқыс оқиғаға ұшыраған немесе асқынған дерт бірден сыр берген сәтте маңайда медициналық мекемелердің болмауы, болса да қажетті көмек көрсетуге қауқарсыздығы жағдайды одан сайын ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұндайда жедел жәрдем көліктерінен де қайран бола бермейді. Сондықтан іс насырға шаппас үшін дереу санитарлық авиацияның көмегіне жүгінуге тура келеді. Былтыр хал үстіндегі 4 420 науқасқа осы қызметтің септігі тиіпті.
Медицина • 02 Наурыз, 2023
Саңыраулық пен таскереңдікті емдеп жазуға бола ма?
Айта берсең, аурудың түрі көп-ақ. Алайда мына өмірдің мың құйқылжыған ғажайып дауысын, құстардың сайрағанын, керемет музыканың ойнағанын, анасының «айналайынын», әкесінің өбектегенін ести алмай өтетіндерден бөлек, мүлде құлақсыз туатын балалардың бар екенін білесіз бе? Сондықтан осынау мәселелерге қоғам мен құзырлы орындардың назарын аудару үшін жыл сайын 3 наурызда Дүниежүзілік құлақ саулығы және есту қабілетін қорғау күні аталып өтеді.