Сенат • 30 Наурыз, 2024
«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы мүшелері Ассамблея басшылығымен кездесті
Парламентте «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы мүшелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуге депутаттық топ жетекшісі – Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп төрағалық етті. Сенатор өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бір ел-бір мүдде» алаңы құрылғанын және ол ұлттық бірлік пен әлеуметтік келісімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 30 Наурыз, 2024
Анаңызға жеткізе алмай қалмаңыз: Жазира Байырбекова ер-азаматтарға кеңес берді
Отандық әнші, жылы әндерімен тыңдарманының ыстық ықыласына бөленіп жүрген өнер иесі Жазира Байырбекова ер-азаматтарды әйелдерін құрметтеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 30 Наурыз, 2024
Ұшқыштар су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды
Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары Ақтөбе облысында су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылы нәтижесінде Ойыл ауданына қарасты Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Мектеп шатырындағы қарды күреп жүріп құлаған ер адам көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысында мектептің шатырын қардан тазартып жүрген ер адам құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Наурыз, 2024
Жангелдин ауданында жоғалған үш адам екі күннен кейін табылды
Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылына да су кіре бастады. Жарық, жол, байланыс жоқ. Қыстауда отырған шаруа мен оны іздеп кеткен баласы екі күннен бері хабар-ошарсыз кеткен еді. Бұл туралы тиісті орындарға хабар берілген.