«Таза Қазақстан» • 22 Наурыз, 2025
Наурызнаманың қалың бұқараға қатысты қалаулы бір қайырмасы – Тазару күні. Қыраулы қыс өтіп, қордаланып қалған күл-қоқысты сыртқа шығару, жою, айналаны абаттандыру ісіне қала, ауыл-аудандардың барша тұрғындары, үлкен-кішісі бір кісідей жұмылады. Былтырдан бері бұл баталы іс-қимылға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы еселеп екпін берді.
Күрес • 22 Наурыз, 2025
25-30 наурыз аралығында Иорданияның астанасы – Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл байрақты бәсекеге еліміздің балуандары да тыңғылықты даярланды. Бұған дейінгі сары құрлықтың басты додасында жерлестеріміз қалай өнер көрсетті? Бүгінгі мақаламызда грек-рим күресі шеберлерінің жүріп өткен жолына бір көз жүгіртіп өтуді жөн көрдік.
Спорт • 22 Наурыз, 2025
25 наурызда АҚШ-тың Бостон қаласындағы ТД-гарден аренасында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының шымылдығы түріледі. Келесі жылы Апеннин түбегінде алауы тұтанатын қысқы Олимпия ойындары мен Чехиядағы дүниежүзілік доданың жолдамалары сарапқа салынатын байрақты бәсекеде еліміздің намысын Михаил Шайдоров пен София Самоделкина қорғайды.
Мереке • 22 Наурыз, 2025
Кеше Алматы нағыз көктем мерекесінің орталығына айналды десе болғандай. Көктемнің шуағына оранған қала Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен тойлады. Мерекелік алаңдар мегаполистің түкпір-түкпірінде қылаң ұрып жатты. Қаланы шаттық құшағына бөлегендей. Дәстүр бойынша басты концерт Астана алаңында өтті. Таңсәріден бері мұнда мерекелік көңіл күй орнап, ынтымақ пен бірліктің көрінісі атой салды.
Пікір • 22 Наурыз, 2025
Жыл сайын Наурыз қарсаңында қалың жұрттың жадыраңқы көңіл күйін көріп, жақсылықтан үміттенеміз. Оның үстіне кейінгі уақытта әр өңірде түрлі форматта өткізіліп жүрген мереке іс-шаралары «Наурызнама» деген атаумен бірізге, жүйеге түсе бастады. «Нама» – хат мағынасын беретін атау. Наурыз хаты, жаңа күнді қарсы алудың бағдарламасы мен хаттамасы, Ақаңша (А.Байтұрсынұлы) айтсақ, жосығы.