Наурызнама • 21 Наурыз, 2025
Мәшһүр Жүсіп жазбасындағы Наурызнама
Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама. Мәшһүр Жүсіп КӨПЕЙҰЛЫ Қазақ зиялыларының шығармаларына көз жүгіртсек, ертеде Наурыз сегіз күн тойланған екен. Оны «Наурызнама» деп атаған. Бұған Мәшһүр Жүсіптің: «Жиырма тоғыз жасымда Бұқари шәріпте Ғабдолла ханның Наурызнама тойының ішінде сегіз күн болдым» деген сөздері дәлел болмақ. Әдетте, наурызнаманы бай, ауқатты кiсiлер жасаған. Бiрақ әр шаңырақта тойлау да дәстүрге айналған. Жылдың алғашқы күнiнде қар жауса «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шаттанған. Наурызнаманың негізгі көркі жастар, ұйымдастырушысы ауқатты адамдар, берекесі ауыл ақсақалдары, ырзығы ақ дастарқан болған. Жастар алтыбақан құрып, тойдың сәнiн кiргiзедi. Ән мен би, ойын-сауық түннiң бiр уағына дейiн созылған. Наурыз күнi думан-тойды аталарымыз Наурызнама атаған.
Наурызнама • 21 Наурыз, 2025
Жақсылықтың жаршысы – жарапазан
Ораза айт кезінде Қостанайдың орталық көшелерінде, театр, музей, сауда орындары сияқты көпшілік орындарда жарапазан айтылып жүр. Сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық киім киіп, үкілі домбыра ұстаған кілең әнші жігіттер жарапазанның жан сергітер жағымды әуеніне басқанда ығы-жығы жұрт ысырылып жол беріп, түріліп тұра қалып сүйсіне тыңдайды.
Көрме • 21 Наурыз, 2025
Ұлытау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен «Сыр сақтаушы сандық» атты этнографиялық көрменің тұсауы кесілді.
Наурызнама • 21 Наурыз, 2025
Ақшаңқан үйлер – берекенің белгісі
Құлжа күрежолының бойында орналасқан Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Балтабай ауылының тұрғындарының ерекше кәсіптің көзін ашып, тамырына қан жүгіртіп отырғаны сонадайдан аңғарылады. Ауылды қақ жарып жатқан қара жолдың бойында қаздай тізілген қазақ үйлер көзге жылы ұшырап, менмұндалайды. Жуырда ынтымағы ұйысқан ісмерлер ауылына арнайы атбасын бұрып, кәсіп иелерінің тыныс-тіршілігімен танысудың сәті түскен еді.
Сұхбат • 21 Наурыз, 2025
«Салт-дәстүр жаңғыратын мереке»
Наурыз – түбі бір түркі халықтарына ортақ мереке. Осыған орай іргелес жатқан ағайын ел Қарақалпақстандағы Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты Қарақалпақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, доцент, филология ғылымдарының докторы Сәрсенбай Қазақбаевқа хабарласып, Наурыз мерекесі туралы аз-кем әңгімеге тартқан едік.